Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ерекше балалар – мұражайдың аяулы қонақтары

Лисаковск Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында ерекше балалармен жұмыс ұзақ уақыт жүргізілуде.

Мүгедек балаларға арналған күндіз болу бөлімшесінің тәрбиеленушілері (жет. - Ибраева К. С.) біздің мұражайдың тұрақты келушілері болды, ал біз мұражай ортасы оларға жақын әрі қолжетімді болуына тырысамыз. Ол үшін мұражай қызметкерлері "Истоки" клубын ұйымдастырды (жет. – О. Г. Князева). Клуб міндетіне Қазақстан аумағында тұратын әр түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен балаларды таныстыру кіреді.

6 ақпанда Лисаковск мұражайында киіз басу шебер-классы өтті. Шебер-классты ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, жоғары санатты педагог-суретші, өнертанушы Светлана Қаратаева өткізді.  Алдымен ол жүннің ерекшелігі, киіз басу процесі мен қолөнердің даму тарихы туралы әңгімеледі. Шығармашылық үдеріс бір сағатқа созылды, оның барысында әрбір бала "дымқыл" илеу техникасында білезік-тұмаршалар жасап шығарды.

С. В. Каратаева шебер-классты "Андронов" әйелдер костюмінде өткізді, бұл сабаққа тарихи сипат берді,өйткені Андронов мәдениетінің тайпалары біздің өңірді қола дәуірінде мекендеді.

Осындай шебер-класстардың арқасында ерекше балаларда әлемді танудағы мүмкіндіктер кеңейтіледі, шығармашылық қабілеттер қалыптасады, жаңа үшін ашықтық пайда болады және жай ғана көңіл-күй көтеріледі. Шығармашылық үдеріске қатысуға тілек білдірушілердің саны көп болды.

Осы күні С. Қаратаева Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері үшін шебер-класс өткізді. Онда да балалар өздері үшін білезік-тұмаршалар жасады.

 

.